05 қаңтар 2022 | 16:19

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласына төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласына төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент қаулысында:

"1. Азаматтардың маңызды және тікелей қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында 2022 жылғы 5 қаңтардағы 16 сағат 00 минут пен 2022 жылғы 19 қаңтардағы 00 сағат 00 минут мерзімі кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының шекараларында төтенше жағдай енгізілсін.

Реклама
Реклама

2. Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде 23 сағат 00 минуттан 7 сағат 00 минутқа дейін коменданттық сағат енгізілсін.

3. Төтенше жағдайдың кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасы құрылып, оған "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген өкілеттіктер берілсін.

Нұр-Сұлтан қаласының коменданты болып Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы Сәденов Ержан Сапарбекұлы тағайындалсын.

4. Төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізілсін:

1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;

2) Нұр-Сұлтан қаласында жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленсін;

3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етілсін;

4) Нұр-Сұлтан қаласына кіріп-шығу шектелсін;

5) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын;

6) ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынсын;

7) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ, этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режим белгіленсін;

8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактив заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етілсін.

5. Төтенше жағдайдың режимі кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына жауапты болып Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі белгіленсін.

6. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры осы Жарлықта белгіленген шаралар мен уақытша шектеулерді іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етсін.

7. Қазақстан Республикасының Үкіметі төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қажетті қаражатты бөлсін.

8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойғаны хабарланды. Кейін Алматы облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная