ПОДЕЛИТЬСЯ
16 тамыз 2022 | 14:16
Нұр-Сұлтанда үй ауласында кішкентай баланы көлік қағып кетті
Нұр-Сұлтанда үй ауласында кішкентай баланы көлік қағып кетті. Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда үй ауласында кішкентай баланы көлік қағып кетті. Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
16 тамызда сағат 11:38-де Е-251 көшесіндегі үйдің ауласында көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті.
"Land Cruiser 200 автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі көлікті тұраққа қою кезінде баланы қағып кеткені анықталды. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды. Аталған дерек бойынша анықтау жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также