Нұр-Сұлтандағы "Абу-Даби Плаза" ғимаратында өрт шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Надежда Лыкова

Нұр-Сұлтанда "Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешенінде желдеткіш камера өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда "Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешенінде желдеткіш камера өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Сығанақ көшесі, 60/5 үйінің бойында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 14.57-де түскен.

"Шақыртудың жоғары нөмірі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері жедел жолданған, 4 минута келіп жеткен өрт сөндіру бөлімшелері ғимараттың 1 қабатында желдеткіш камерасының жануы орын алғанын анықтаған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өртсөндірушілер келіп жеткенге дейін қызметкерлер мен келушілер өз бетінше эвакуацияланған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Өрт орнында 16 бірлік техника мен жеке құрамның 61 адамы жұмыс істеп жатыр. Өрт 15:24 минутта жойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама