11 қараша 2021 12:53

Нұр-Сұлтандағы Abu Dhabi Plaza қашан салынып бітеді? Әкімдік жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

Abu Dhabi Plaza көпфункционал кешенін 2021 жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Abu Dhabi Plaza көпфункционал кешенін 2021 жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бүгінде Abu Dhabi Plaza нысанында құрылыс-монтаж жұмыстары "кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр".

"Орындалған жұмыстың жалпы көлемі 97 пайыздан асады. 2021 жылдың аяғына дейін барлық сыртқы жұмысын (қасбет пен құрылым) аяқтау жоспарланып отыр. Айта кетейік, әрлеу жұмыстары ғимарат ішінде жалғасады", - деп түсіндірді ведомстводағылар. 

Реклама
Реклама

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Abu Dhabi Plaza құрылысының жобасы 6 блоктан тұрады.

Қазіргі уақытта пайдалануға берілгендері:

• 2019 жылдың желтоқсанында – P блогы ("Абу-Даби Mall" сауда және ойын-сауық орталығы);
• 2020 жылдың наурызында – Н1 блогы (14 қабатты Sheraton қонақүйі). 2020 жылы 12 қарашада Abu Dhabi Plaza Н2 блогы;

• Z блогы пайдалануға берілді (тұрғын үй блогы).

Еске салайық, 2020 жылғы қазанда Нұр-Сұлтан әкімдігі "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысы 2021 жылы аяқталатынын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram