ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қаңтар 2022 | 10:57
Нұр-Сұлтандағы балабақшада баласы соққыға жығылған отбасы іс тергелмей жатқанына шағымданды
Нұр-Сұлтанда балабақшада кішкентай қыз соққыға жығылғанына қатысты жанжал жалғасып жатыр. Ата-анасының айтуынша, екі жасар қыз үйіне оралғанда, денесінде көгерген және қылғындырған іздер болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astanatv.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда балабақшада кішкентай қыз соққыға жығылғанына қатысты жанжал жалғасып жатыр. Ата-анасының айтуынша, екі жасар қыз үйіне оралғанда, денесінде көгерген және қылғындырған іздер болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astanatv.kz сайтына сілтеме жасап.
Зардап шеккен сәбидің отбасы тәртіп сақшыларын әрекетсіз отыр деп кінәлайды. Олардың айтуынша, тергеу ісі жұртшылық назарына іліккеннен кейін ғана жолға қойылған.
Арада 10 күн өтсе де, қыздың анасы Марина Аушенова балабақшадан келген қызының денесінен көгерген жерлерді көргенін әлі күнге көзіне жас алып еске алады. Ең қатты шошытқаны – мойнындағы қылғындыру іздері, дейді ол.
"Қазір әрине, ізі қалмады. Өйткені уақыт өтті. Бәрі кетті. Бірақ сол кезде балаға қарау өте қиын болды. Олар балаға не істеді, не болғанын бір Алла біледі. Өйткені балам ештеңе айтпайды. Тіпті "ана" деп те айта алмайды", - дейді әйел телеарналардың біріне берген сұхбатында.
Маринаның айтуынша, әзірге жекеменшік балабақша басшылығы мен тәрбиеші тарапынан ешқандай түсініктеме болмаған. Директор журналистер сұрағына телефон арқылы ғана жауап беруге келісті. Оның айтуынша, бақшада мұндай ештеңе байқалмаған.
"Әрине, мұндай бірінші рет. Күнделікті тұрмыстық деңгейде болды. Бірақ дәл мұндай физикалық күш қолданылған жағдайды бірінші рет естіп тұрмын. Егер бірдеңені байқасам, тиісті шара қолданар едім", - деді балабақша меңгерушісі Гүлназым Бестібаева.
Сондай-ақ, директор тәрбиеші оқиғадан кейінгі күні-ақ жұмыстан шығарылғанын түсіндірді. Алайда бұл топтағы басқа балалардың ата-анасы әйел оқиғадан кейін тағы екі күн жұмыс істегенін алға тартады. Кейін бұл бірінші жағдай емес екені белгілі болған.
Полиция департаменті арна журналистеріне "қылмыстық іс қозғалды, соталды тергеу жүріп жатыр" деп қана пікір білдірген.
Бұл арада жәбірленуші тараптың адвокатының айтуынша, қоғамда резонанс тумайынша тергеу қозғалмаған.
"Тергеу соталды тергеу деректерін жарияламау туралы қолхат алды. Менің ойымша, ішкі істер органдары өз әрекетсіздігін жасырғысы келеді", - деп қосты адвокат Инара Жабағыбаева.
Тек балабақшадағы бейнебақылау камераларындағы жазбалар полицияға тапсырылып, сараптамалар жүргізілгені белгілі.
Ата-ананың айтуынша, тәрбиеші кешірім сұрау үшін топтағыларды жинап, өз ісін іс жүзінде мойындаған. Баланың соққыға жығылғанын естіген көпшілік балаларын балабақшадан алып кеткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также