21 қараша 2020 15:18

Нұр-Сұлтандағы дәмханадағы жарылыс кезінде 30-дан аса адам жарақат алған

Шұбары ауданындағы жарылыс кезінде түрлі жарақат алған 33 адам қалалық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шұбары ауданындағы жарылыс кезінде түрлі жарақат алған 33 адам қалалық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

Олар тексерістен өтіп, ем қабылдап жатыр. Мамандар мен медициналық қызметкерлер көмек көрсетіп жатыр. Қазір оқиға орнында жедел жәрдемнің 3 бригада кезекшілікте. Жалпы "103" қызметінің 22 бригадасы жұмылдырылды. 3 автокөлікке зақым келген.   

Реклама
Реклама

"Оқиға орнында жедел штаб орналастырылды, үйінділерді тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету мақсатында "сенім телефондары" ашылды: 8-7172-24-51-71 және 8-7172-24-51-47", - деді астаналық ТЖД өкілдері. 

Оқиға орнында ТЖМ Медициналық-психологиялық қызметінің апаттар медицинасы және басқару орталығының 3 психологы жұмыс жасап жатыр. 

Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтандағы дәмханада жарылыс болып, бір адам қаза тапқаны хабарланған болатын. 

2020 жылдың 21 қараша сында сағат 12:25-те Нұр-Сұлтанның Төтенше жағдай департаментінің кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне дәмхананың бірінде газ баллоны жарылғаны туралы хабар түскен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram