18 тамыз 2022 | 09:28

Нұр-Сұлтандағы жаңа көпірде автобус бағыты іске қосылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/myastanacity

Нұр-Сұлтанда №60 автобус бағыты ұзартылды. Енді ол Ұлы дала даңғылы бойындағы жаңа көпір үстінен өтеді. Бұл туралы City Transportation Systems хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда №60 автобус бағыты ұзартылды. Енді ол Ұлы дала даңғылы бойындағы жаңа көпір үстінен өтеді. Бұл туралы City Transportation Systems хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тұрғындардың көптеген сұрауы бойынша және көлік қызметін жақсарту мақсатында, 19 тамыздан бастап № 60 автобус бағдары Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір арқылы "Нұрлы жол" теміржол вокзалына дейін қатынайды. Осылайша, сол және оң жағалау арасындағы көлік байланысын жақсартады", - делінген хабарламада.

Бағдар қозғалысы мынадай: "Талисман" ТК аялдамасына дейін өзгеріссіз, Ұлы дала даңғылымен тура, ары қарай Есіл өзені арқылы өтетін көпір, Нәжімеденов көшесінен оңға, ары қарай "Нұрлы жол" теміржол вокзалына дейін.

Реклама
Реклама

Жаңа маршрут қолданбалар жаңарғаннан кейін 2gis және Yandex.Maps-те пайда болады.

Еске салайық, дүйсенбі, 8 тамызда Ұлы Дала даңғылы бойындағы жаңа көпір ашылған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram