ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қараша 2021 | 12:40
Нұр-Сұлтандағы ЖЭО 2022 жылы газға көшеді - Энергетика министрлігі
Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев елордадағы ЖЭО-1 және ЖЭО-2 ауыстыру жобасы 2022 жылы аяқталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев елордадағы ЖЭО-1 және ЖЭО-2 ауыстыру жобасы 2022 жылы аяқталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2022 жылы Нұр-Сұлтандағы ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы аяқталады.
Алматыда үш ЖЭО-ны газға ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы қуаты 1300 мегаватт болады. Аяқтау мерзімі 2026 жылға дейін белгіленді", - деді министр Үкімет отырысында.
Бұдан басқа, елдің оңтүстігінде қуаты 2 150 мегаватт бу-газ қондырғыларын салу мәселесі пысықталып жатыр.
"Теміртауда "АрселорМиттал Теміртау" станциясын газға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, орта мерзімді деңгейде тау-кен саласындағы еліміздің ірі кәсіпорындарын көмірден газға көшіру жоспарланған", - деп толықтырды Мағзұм Мырзағалиев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также