ПОДЕЛИТЬСЯ
28 наурыз 2019 | 13:37
Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Зардап шеккен төрт адам ауыр жағдайда жатыр
Әкімдік елордадағы автобустар апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаеваға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әкімдік елордадағы автобустар апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаеваға сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта № 2 қалалық көпсалалы ауруханада 13 науқас жатыр, төртеуінің жағдайы ауыр (жансақтау бөлімінде), қалған тоғыз науқастың жағдайы орташа деңгейде ауыр деп бағаланады. Бір науқас қазір № 1 қалалық ауруханада жатыр. Жағдайы - орташа ауыр деңгейде", - деді Жүргенбаева.
Еске салайық, 26 наурызда Қабанбай даңғылы мен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жол-көлік оқиғасы болған еді. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қала маңынан жүретін № 303 автобус №12 бағыттағы қоғамдық көлікті соққан. Кейінірек № 53 автобусқа және жедел жәрдем каретасына соқтығысқан.
Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Қаза тапқандарға қатысты жаңа деректер шықты
Салдарынан 53 жастағы жүргізуші мен 26 жастағы қыз қаза тапты. 36 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер зардап шеккендердің бірінің аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды.
Нұр-Сұлтанда болған жол апатынан зардап шеккен әйел аяғынан айырылды
Показать комментарии
Читайте также