06 қаңтар 2020 | 10:53

Нұр-Сұлтандағы "қара кортеж". Кешірім сұрағандардың видеосы жарияланды

видеодан үзінді

Нұр-Сұлтанда "қара кортеж" мүшелерінің бірі өз әрекеті үшін астаналықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда "қара кортеж" мүшелерінің бірі өз әрекеті үшін астаналықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

KIA маркалы автокөліктің 27 жастағы жүргізушісі өз әрекетіне өкінетініне және жауапкершілікті мойнымен көтеретінін айтады. 

Реклама
Реклама

Осыған дейін, Нұр-Сұлтанда "қара" кортеж мүшелері әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны айтылды.

"5 қаңтарда Instagram желісінде әкімшілік тәртіп бұзу дерегінің видеосы пайда болды, онда қара түсті KIA автокөлігінің жүргізушісі "Хан Шатыр" СОО тұрағынан 15 автокөліктің кедергісіз шығу мақсатында Тұран даңғылының жүру бөлігін жауып тастаған. Полиция қызметкерлері бұл бейнежазбаны зерттеп, кортежге қатысушыларды анықтау бойынша шаралар қабылдады", - деді елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

15 жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 614-бабы, 1-бөлігі және 590-бабы, 5-бөлімі, 10-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.

"KIA автокөлігінің 1992 жылғы жүргізушісі Мубараков Ташбулатхон Марифхажанұлы бұрындары да жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған және "Сергек" камералары да түсірген", - делінген хабарламада. 

Полиция өкілдері кортежге қатысушылардың барлығының автокөліктері коммуналдық тұраққа қамалғанын айтылады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная