26 ақпан 2021 | 15:35

Нұр-Сұлтандағы карантин: жаңа қаулы жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралу дерегі төмендегенін ескере отырып жаңа қаулы қабалдағанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралу дерегі төмендегенін ескере отырып жаңа қаулы қабалдағанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғындары үшін келесі шарттар өзгеріссіз қалады:

  • бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салу;
  • қызметі жаңартылмаған объектілерге: бильярд, караоке, боулинг-орталықтарға, батуттар, компьютерлік клубтарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыстарына, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, спорттық нысандарда орналасқандарды қоспағанда, оның ішінде  мұзды және роликті сырғанақтарға баруға тыйым салу;
  • қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.
Реклама
Реклама

Қалалық қоғамдық көлік жұмысы арнайы кесте белгілгіленіп, штаттық режимде ұйымдастырылады.

  • кептеліс уақытанда автобустар санын көбейту, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік арақашықты міндетті түрде сақтау және бетперде кию.

ХҚКО жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық  іс-шараларды сақтаған жағдайда, қатаң түрде алдын ала Egov.kz, "EgovKZBot 2.0" тelegram-ботпен кезек алу арқылы жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу, жексенбі күндері жұмысына тыйым салу.

Жеке медицина орталықтары, клиникалар, стоматологиялар жұмысын қатаң түрде алдын ала жазылып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып қызмет көрсетуге рұқсат беру.

Қаулы мәтінін мына жерден оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная