31 тамыз 2022 | 12:10

Нұр-Сұлтандағы көпірді жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен ұсынды

Нұр-Сұлтандағы Сарайшық даңғылының бойындағы көпірдегі ақауға байланысты жөндеу жұмыстары қыркүйектің аяғына дейін жалғасады. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтандағы Сарайшық даңғылының бойындағы көпірдегі ақауға байланысты жөндеу жұмыстары қыркүйектің аяғына дейін жалғасады. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, көпірге соңғы 12 жыл бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген. Көлік қозғалысының көп болуынан шұңқырлар мен ойықтар пайда болған.

"Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл тамызда Мәңгілік Ел даңғылы - Сарайшық көшесінің қиылысынан Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскедегі көпірді орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Алайда, асфальтбетон жабындысын фрезерлеу және деформацияланған қабатты бөлшектеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін қабаттасатын темірбетон плитасының бетонының шайылуы белгілері бар учаскелер анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазір ақаулар анықталған жерлерге бетон қоспасын төсеу арқылы бетонды бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

"Осыған байланысты көпірді жөндеу жұмыстары биылғы қыркүйектің соңына дейін ұзартылады. Айта кетейік, көпірде екі бағыттағы көлік қозғалысы сақталған (бірақ демалыс күндері 2 қыркүйек кешінен 5 қыркүйекке дейін көлік қозғалысы толығымен жабылады) Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептелістерді болдырмау үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды ұсынамыз", - деп қосты қала әкімдігі.

Әкімдіктің мәліметінше, соңғы екі жылда 300-ден аса көше жөнделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная