06 шілде 2020 15:27

Нұр-Сұлтандағы мерекелік отшашу онлайн көрсетіледі

© Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтандағы мерекелік отшашу бүгін сағат 23:00-де онлайн көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы мерекелік отшашу бүгін сағат 23:00-де онлайн көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін Нұр-Сұлтанда Елорда күніне мерекелік отшашу өтеді. Тікелей эфир сағат 23:00-де Хабар24 телеарнасында көрсетіледі. Отшашу Есіл өзенінің (Орталық саябақ) жағалауында, Ботаникалық бақ (Қабанбай батыр даңғылы жағынан) және Пушкин – Абылайхан көшелерінің қиылысында басталады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Отшашуға бюджеттен ақша бөлінбеген – шара демеуші қаражаты есебінен ұйымдастырылады.

"Тұрғындар санитария нормаларын қатаң сақтауы керек: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтауы және антисептик қолдануы тиіс", - деген ескерту жасалды.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар астананың 22 жылдығын атап өтуде.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram