10 желтоқсан 2020 | 14:53

Нұр-Сұлтандағы ОСК ғимаратының айналасына қоршау орнатылды

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Елордадағы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) ғимаратының айналасына қоршау орнатылды. Журналистер сайлау қарсаңында қоршау неліктен орнатылғанын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордадағы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) ғимаратының айналасына қоршау орнатылды. Журналистер сайлау қарсаңында қоршау неліктен орнатылғанын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОСК-дегі брифингте журналист ғимарат айналасына қоршау орнатылғанын,
осыған дейінгі сайлауда қоршау болмағанын атап өтті. БАҚ өкілі бұл жұмысты жүргізуге қанша ақша бөлінгенін сұрады.

Реклама
Реклама

"Орталық сайлау комиссиясы және басқа да ұйымдар Бейбітшілік көшесі, 4 мекенжайындағы ғимаратты жалға алып отыр. Бұл біздің ғимарат емес. Бізде ғимарат та жоқ. Сондықтан қоршаудың ОСК-ге қатысы жоқ", - дейді Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Сабила Мұстафина

ОСК ғимараты. Сурет: Тамара Вааль

Айта кетейік, 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная