04 қазан 2021 | 16:17

Нұр-Сұлтандағы ірі жол апаты: тірі қалған науқас палатаға ауыстырылады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Нұр-Сұлтанда көпірде болған апаттан зардап шеккен 18 жасар қыздың жағдайы жақсы, дәрігерлер палатаға ауыстыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда көпірде болған апаттан зардап шеккен 18 жасар қыздың жағдайы жақсы, дәрігерлер палатаға ауыстыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қыздың жағдайы тұрақты. Бүгін оны палатаға ауыстыру жоспарланып отыр", - деді Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы.

Осыған дейін зардап шеккен қыздың жағдайы ауыр екені айтылған болатын. Батпенов атындағы ҰҒТО науқастың омыртқасы сынғанын және травматикалық шок алғанын айтқан. Оған шұғыл ота жасалды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 30 қыркүйекте сағат 00.34-те Toyota Camry автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай жүріп, жылдамдық режимін сақтамағандықтан рөлді басқара алмай қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысқан

Жол апаты салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.​

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная