04 мамыр 2021 | 12:11

Нұр-Сұлтандағы стационарлар 63 пайызға толған

Фото: ©РИА Новости

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастарға арналған стационарлар 63 пайызға толды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастарға арналған стационарлар 63 пайызға толды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен тәулікте қалада 250 жағдай тіркелген. Инфекциялық стационарларда 2 239 төсек-орын бар, олардың жүктемесі 63 пайыз. Басқа науқастар үй жағдайында ем қабылдап жатыр. 198 реанимациялық төсек орын бар, қазір олардың 158-і бос емес.

Зертханалар саны екіден 27-ге дейін өсті. Жалпы қуаттылығы тәулігіне 13 мыңнан аса сынама алуға жетеді. Барлығы 1,3 миллион сынама өткізілді. Қазір тәулігіне сегіз мың сынама өткізіледі. Амбулаториялық қызмет жұмысы күшейтілді. 250 мобильді бригада жұмыс істейді. Амбулаториялық емдеу кезінде науқастар тегін дәрі-дәрмек алады және толық сауыққанға дейін учаскелік дәрігерлер бақылауында болады", - деді Көлгінов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, әкім карантин талаптарын бұзу жағдайлары мен мониторингтік топтар жұмысы туралы түсінік берді.

Реклама
Реклама

"Жыл басынан бері 520 нысан 110 миллион теңгенің әкімшілік жауапкершілігіне тартылып, барлығы 36 нысан қызметі тоқтатылды. Ashyq платформасына 290 кәсіпкерлік субъекті қосылды: фитнес-орталықтар, кинотеатрлар, театрлар және басқа да нысандар", - деді ол.

Көлгіновтің айтуынша, Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 114 мың адам салдырған.

Емханалар мен ауруханалардағы егу пункттері 8.00-ден түн ортасына дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, "Хан Шатыр", Mega Silk Way, Abu Dhabi Plaza, Keruen, Asia Park сауда орталықтарында көшпелі егу бригадалары жұмыс істейді, орталық базарларда вакцинация пункттері ұйымдастырылған.

2020 жылдың қыркүйегінде Денсаулық сақтау министрлігі аурухана төсектері 70 пайызға толған кезде елде ең қатаң карантин жариялануы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная