ПОДЕЛИТЬСЯ
17 наурыз 2022 | 17:20
Нұр-Сұлтандағы үлкен айналма жол учаскесі тамыздың аяғына дейін жөндеуге жабылады
Нұр-Сұлтанда 25 наурыздан 15 тамызға дейін республикалық маңызы бар жолдар жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда 25 наурыздан 15 тамызға дейін республикалық маңызы бар жолдар жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Республикалық маңызы бар Р-10 Нұр-Сұлтан қаласының солтүстік-батыс айналма жолының 4 шақырымында болған жағдайға байланысты осы жолдың 1,4 шақырымынан бастап 6 шақырымына дейінгі аумағы 25 наурыздан бастап 15 тамызға дейін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылады. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысы тұрғындарына, қонақтарына, жүргізушілерге балама жол барын ескертеміз. Жеңіл көлік жүргізушілері қала ішімен, яғни Лесозавод елді мекені арқылы жүре алатынын, ал жүк көлік жүргізушілері шығыс айналма жолмен жүре алатынын еске саламыз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также