05 қазан 2021 09:18

Нұр-Сұлтанды қар басып қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Елорданы қар басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорданы қар басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 4 қазан күні кешке басталған қар түнімен жауып, таңертең Нұр-Сұлтандағы көліктер мен жолдарды, аулаларды басып қалды. 

Реклама
Реклама

Қысқы дөңгелектерін ауыстырып үлгермеген көлік жүргізушілерге көктайғақтың кедергісі аз болмады.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті автокөлік иелеріне жазғы дөңгелекті қысқы дөңгелекке тез ауыстыруды, белгіленген жылдамдық режимін асырмауды, күрт тежеуге жүгінбеуді, қашықтықты сақтауды сұрайды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жолдан өтерде абай болуды еске салды.

Елордада бір тәулік ішінде 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше сақ болуға кеңес берілді.

"Өз қауіпсіздігіміздің мүддесі үшін құлаққаптарды алып тастауға және жолды кесіп өткен кезде телефонмен сөйлесуді тоқтатуға кеңес береміз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!"- делінген полицияның үндеуінде.

Алдағы үш күндегі ауа райы болжамына келетін болсақ, синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Жауын-шашын мен тұман, көктайғақ күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram