12 наурыз 2022 09:20

Нұр-Сұлтанға барар жолда көліктер 12 сағат тұрып қалды

Ақмола облысында кеше кешке боранға байланысты Нұр-Сұлтаннан Щучинскіге дейінгі жол жабылды. Осыған байланысты автокөліктер 12 сағат далада қозғалыссыз тұруға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында кеше кешке боранға байланысты Нұр-Сұлтаннан Щучинскіге дейінгі жол жабылды. Осыған байланысты автокөліктер 12 сағат далада қозғалыссыз тұруға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 наурызда сағат 19.00-де Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолының 18-231-шақырымында, Нұр-Сұлтаннан Щучинскіге дейінгі ақылы учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді.

"Бурабай-Нұр-Сұлтан тасжолында Шортанды маңында 12-ші сағат тұрмыз, ешкім нақты ештеңе айта алмайды. Патрульдік көліктермен сағатына 10 шақырым жылдамдықпен жүрсек те, астанаға баяғыда жетіп алар едік, бірақ біз тұрмыз. Мұнда балалар бар, адамдарда бензин таусылып жатыр, тоңып отырмыз", - деп шағымданды жолда қалып қойған жүргізушілер.

Реклама
Реклама

Жүргізушілердің бірі жіберген суретте аспан ашық екені көрінеді.

"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан бағытында кей жерлерде ғана жол көрінбейтінін хабарлады. Арнайы техника кез келген уақытта шығуға дайын болғанын, бірақ жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қызметкерлер ауа райының жақсаруын күткенін айтты.

Қазіргі уақытта көліктер арнайы техникамен бірге Нұр-Сұлтан қаласына қарай жол тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram