25 шілде 2020 13:33

Нұр-Сұлтанға COVID-19 және пневмонияға қарсы 2,5 миллион дәрі-дәрмек жеткізілді

Нұр-Сұлтанға ұшақпен COVID-19, пневмония және басқа да бірқатар ауруға қарсы 2,5 миллион дәрі-дәрмек жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанға ұшақпен COVID-19, пневмония және басқа да бірқатар ауруға қарсы 2,5 миллион дәрі-дәрмек жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Олардың ішінде 550 мың қорап парацетамол мен ибупрофен, 300 мыңнан аса антикоагулянттар қаптамасы - ксарелто мен аспирин бар.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, бактерияға қарсы 1,4 миллион препараттар қаптамасы: азитромицин, цефтриаксон, левофлоксацин, велпенем; вирусқа қарсы 30 мың препараттар және т.б. Шілденің ортасынан бастап қалаға 110 тоннаға жуық дәрі-дәрмек жеткізілді.

Тексеруден кейін (1-2 күн) дәрі-дәрмектер дәріхана желілеріне таратылады. Бұл жүктер гуманитарлық көмек емес. Әкімдік дәрі-дәрмекті сатып алуға және тасымалдауға көмек көрсетіп, дәріхана желілерінің дистрибьютерларына айналым қаражатын бөледі. Қала ауруханалары мен емханаларында дәрі-дәрмек қоры бар - олар уақтылы толтырылып отырады. Медицина мекемелеріне қосымша медициналық жабдықтар - 150 флуометр, 350-ден аса оттегі концентраторы, 500 арнайы кереует жеткізілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram