12 шілде 2020 | 14:22

Нұр-Сұлтанға коронавирус пен пневмонияны емдейтін дәрі-дәрмек жеткізілді

Нұр-Сұлтанға COVID-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмектері бар жүк ұшағы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанға COVID-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмектері бар жүк ұшағы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сайкес Үкімет дәріханаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл жұмысты елорда әкімдігі де жүзеге асыруда.

Реклама
Реклама

Осылайша, алғашқы жөнелтілім кезінде қалаға 600 мыңнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы жүк ұшағымен жеткізілді. Келіп түскен тауарлардың тізімінде дәрі-дәрмектің 350-ге жуық түрі бар. Мысалы, ксарелто, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, ибупрофен, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, нимесулид, ибуфен, парацетамол, офлоксацин және т.б. Ірі дәріхана желілеріне жеткізу ертең басталады.

Сонымен қатар жақында жүк көліктерімен тағы дәрі-дәрмек жеткізіледі деп күтілуде. Осы аптада дәрі-дәрмектер дәріханаларға жеткізіле бастады. Дәріханаларды қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты негізде жүргізілетін болады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов дәріхана желілерінің дистрибьюторларымен, фармацевтикалық компаниялар мен дәріханалардың өкілдерімен келіссөздер өткізді.

Сонымен қатар жақын уақытта елордаға сатып алынған заттардан басқа, 200 өкпені жасанды желдету құрылғысы, 500 флуометр, 500 оттегі концентраторы және екі компьютерлік томограф жеткізіледі дейді дәрігерлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная