ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қараша 2021 | 12:56
Нұр-Сұлтанға Pfizer вакцинасының 35 мың дозасы жеткізілді
Нұр-Сұлтанға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының 35 000 дозасының бірінші партиясы жеткізілді. Бұл туралы елордалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының 35 000 дозасының бірінші партиясы жеткізілді. Бұл туралы елордалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Америкалық вакциналар Денсаулық сақтау департаментінің қоймасына мұздатқыштарда жеткізілді. Бірінші кезеңде елордаға америкалық вакцинаның 35 мыңнан астам дозасы келді. Олардың барлығы арнайы жасалған мұздатқыштарға орналастырылған.
"Бүгін 35 100 дозаның бірінші партиясы медициналық ұйымдардың егу пункттері мен елорда мектептеріндегі фельдшерлік-акушерлік пункттерге таратылады. Бұрын біз тек алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында вакцинациялауды жоспарлаған едік, бірақ екпе алуға ыңғайлы болу үшін шарттар қайта қаралды, оқу орындарындағы пункттер жасөспірімдерге екпе салады. Оқытылған, барлық ұсыныстармен таныс, сондықтан біз осы санаттағы адамдарды қауіпсіз вакцинациялауды бастауға дайынбыз", - деді департамент басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
Вакциналар егу бөлмелеріне арнайы термоконтейнерлерде жеткізіледі. Әрбір егу станциясы ұйымға бекітілген тұрғындарды ескере отырып, аз мөлшерде дозаларды жинайды.
Сондай-ақ, Рүстемова алынған дозалар тек 16 мен 37 апта аралығындағы жүкті әйелдерді, бала емізетін аналар мен лактация кезеңіндегі әйелдерді, сондай-ақ 12 мен 17 жас аралығындағы балаларды вакцинациялауға арналғанын түсіндірді.
"Көптеген қала тұрғындары Pfizer вакцинасын күтті, бірақ мен бірден атап өткім келеді, оны барлығына салу мүмкін емес", - деп түсіндірді Рүстемова.
Қазіргі таңда елордада 5 мың жүкті әйел, 28 мың бала емізетін әйел және 63 мың бала Pfizer вакцинациясын алуға болады.
Қалада барлығы 90-нан астам егу пункттері бар, бірақ Pfizer тек медициналық ұйымдар мен білім беру мекемелерінің фельдшерлік пункттерінде егілетін болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также