01 наурыз 2022 | 17:19

Нұр-Сұлтанға Польшадан екінші эвакуациялық борт ұшып келеді

Сурет: СІМ баспасөз қызметі

Бүгін, 1 наурызда Украинада жүрген 124 қазақстандық Польшадан эвакуацияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 1 наурызда Украинада жүрген 124 қазақстандық Польшадан эвакуацияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 наурыздағы жағдай бойынша, 361 қазақстандық Украина-Польша шекарасын кесіп өтті. Шекарада тағы 40 отандасымыз өз кезегін күтіп отыр.

Қазақстанның Польшадағы елшілігі біздің азаматтардың шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін Польша тарапынан шекарада дипломаттардың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етіп отырғаны хабарланды. 

Реклама
Реклама

"Air Astana" әуекомпаниясының екінші эвакуациялық ұшағы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.30-да Катовице-Атырау бағыты бойынша ұшып шықты. Кейін Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кетеді. Бортта 120 ересек және 4 бала бар", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Катовице қаласында қазақстандықтардың жиналуына қарай қосымша эвакуациялық рейстер жоспарланғаны хабарланған еді.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтарды Украинадан Отанына қайтаруды ұйымдастыру жұмысын жалғастырады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная