Нұр-Сұлтанға ұшып келген жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтанға ұшып келген жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды © Reuters

Нұр-Сұлтанға ұшып келген жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанға ұшып келген жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше,  30 жастағы ер адам Мәскеуден ПТР сынағының сертификатынсыз келген. Әуежайдан бірден ол карантин стационарына жеткізіліп, қажет зертханалық тексерулерден өткен.

Аурухана басшылығының айтуынша, науқастың нәтижелері 4 сағаттан соң дайын болған. Жолаушыдан аурудың симптомсыз түрі анықталып, үй жағдайындағы карантинге жабылды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, шағымсыз. Ер адамды тұрғылықты жеріндегі емханалардың медициналық мамандары бақылайды дейді әкімдіктегілер.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама