ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қыркүйек 2020 | 09:21
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері карантин ережелерін жеңілдетті
Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Айгүл Шағалтаева "Нұр-Сұлтан қаласында карантин шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маманның қаулысы Тауарлар мен көрсетiлетiн кызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау департаментiнің ресми сайтында жарияланды.
Қаулыда мынадай өзгерістер көрсетілген:
"3-тараудың 4.23) тармақшасын келесі редакцияда жазылсын:
"бизнес орталықтар (адвокат, нотаруис, бухгалтер және консалтин, мүлік агенттігі, жарнама агенттігі, сот орындаушылары, туроператорлар және т.б.) күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық, санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып және жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін сақтай отырып жұмыс істесін";
Құжат қол қойылғаннан күннен бастап күшіне енеді.
Қаулының толық нұсқасын ведомствоның ресми сайтынан жүктей аласыз.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также