ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2020 | 15:09
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері кинотеатрлардың ашылуына қатысты пікір білдірді
Ведомствоаралық комиссияның шешіміне қарамастан Нұр-Сұлтанда 15 маусымнан бастап кинотеатрлардың ашылуына рұқсат берілмеуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ведомствоаралық комиссияның шешіміне қарамастан Нұр-Сұлтанда 15 маусымнан бастап кинотеатрлардың ашылуына рұқсат берілмеуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты.
"Кинотеатрларды ашу мәселесі бойынша - барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Бүгінде әзірше қаулы шыққан жоқ. Бірақ егер қаулы шығаратын болсақ, онда көрермендердің қалай отырғызылатыны және кинотеатрлар ашылғанда қандай шаралар қолдануы керек екені айтылады", - деді Пірәлиева брифингте.
Карантин шараларын күшейтуге мәжбүрмін - Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері
Сондай-ақ, бас санитар қала тұрғындары мен қонақтарынан адам көп жиналатын орындарға бармауды және карантин ережелерін сақтауды сұрады.
"Біздің талаптарымыз бен ұсыныстарымыз сіздердің денсаулығыңызды ойлап жасалып жатыр. Сондай-ақ қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақты ету үшін қолға алынған. Бірге мәселені шеше аламыз. Сіздердің әрқайсыңыздың жауапкершілігіңіз бен түсінігіңізге үміттенемін", - деді Пралиева.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда 15 маусымнан бастап кинотеатрлардың санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмысын бастайтыны хабарланған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также