21 шілде 2022 | 20:00

Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент

Нұр-Сұлтан қаласының санитария дәрігері Сархат Бейсенова қаланың "сары" аймаққа көшуіне байланысты шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының санитария дәрігері Сархат Бейсенова қаланың "сары" аймаққа көшуіне байланысты шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалада мына шараларды сақтау ұсынылды:

  • адамдар көп жиналатын орындарға (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т. б.), ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде тағу, 5 жасқа дейінгі балаларды және тамақтану кезін қоспағанда;
  • қатысушылар саны 10 адамнан асатын кеңестер (отырыстар) өткізуді қашықтықтан өткізу түріне көшіру.
Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:

  • қоғамдық орындарда бетперде тағу жөніндегі ұсынымдарды сақтауды және қолды өңдеуге антисептиктерді қолдануды;
  • жүкті әйелдерді, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдарды (дистанциялық форматта міндеттерін орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшуді;
  • тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуді болдырмау (топтарда іс-шаралар өткізуге рұқсат етілген);
  • адамдар көп жиналатын объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі және желдету режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды.

Қаулының толық мәтіні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған.

Қаулы 23 шілдеде күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная