28 қаңтар 2022 | 18:31

Нұр-Сұлтанның бес жол қиылысында бағдаршамдардың жұмыс режимі өзгерді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бағдаршамдардың жұмыс режимі өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бағдаршамдардың жұмыс режимі өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 2021 жылы Момышұлы - Тәуелсіздік, Момышұлы - Сәтбаев, Жеңіс - Мәскеу, Жеңіс-Алтынсарин және Жеңіс - Есенберлин даңғылдарының қиылысында 427 жол апаты тіркелген, 13 адам жарақат алған.

"Осы жол қиылыстарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "тыныштандыру" режимі енгізіледі. Бұл режимде қызыл сигнал жол қиылысындағы барлық бағыт үшін бір уақытта жанады, жүргізушілердің назарын келесі бағытқа аудару үшін жасыл сигнал жанады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Енді жүргізушілер жол қиылысының басқа бағыттарынан көлік қозғалысы басталғанға дейін сол жақ бұрылысты қауіпсіз және кедергісіз аяқтай алады.

Сонымен қатар, жол қиылыстарынан өткізбеу үшін учаскелерде тыйым салу сигналына "Сергек" камералары орнатылғаны айтылды.

"Тыныштандыру" режимі бұрын елорданың 7 ірі қиылысында енгізілген болатын, өйткені бұл жолдарда жол апаты жиі тіркелген. Өзгерістер жол апаты санын екі есеге қысқартқаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная