ПОДЕЛИТЬСЯ
08 шілде 2022 | 17:33
Нұр-Сұлтанның сол жағалауы екі ауданға бөлінуі мүмкін
Нұр-Сұлтанның Есіл ауданы екіге бөлінеді. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, өзгерістер жақын арада жүзеге асады деп жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанның Есіл ауданы екіге бөлінеді. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, өзгерістер жақын арада жүзеге асады деп жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жақын арада Есіл ауданын екі ауданға бөлуге тура келеді. Дәл осы Есіл ауданында жыл сайын тұрғындар саны артып келеді. Өйткені жаңа тұрғын үй кешендері негізінен осы ауданда салынып жатыр. Соңғы үш жылда 100 мыңнан аса адам тіркелген. Еліміздің облыстарын алып қарасаңыз, бұл - бес аудан. Есіл ауданы ашылғанда 68 мың адам болса, қазір 350 мыңға жуықтап қалды. Жақын арада 400 мың немесе одан да көп болады", - деп түсіндірді Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Әкімнің айтуынша, әкімшілік басқару ыңғайлы болуы үшін ауданды бөлуге тура келеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также