ПОДЕЛИТЬСЯ
19 сәуір 2020 | 16:15
Нұр-Сұлтанның тұрғын үй алаптарына газ тарату жұмыстары басталды
Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан тұрғын алаптарында газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Магистраль газ құбырының монтажы аяқталу сатысында. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында желілерді жүргізу барысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес салынып жатыр. Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы газдандыру процесін бақылауға алуды тапсырды.
"Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс қарқынын төмендетпеу қажеттігін атап өтті. Железодорожный елді-мекенінде газ тарату желілерінің үштен бірі салынды. Сонымен бірге жұмыстар Көктал-1, Көктал-2 және Агрогородок тұрғын үй алаптарында жүргізіліп жатыр. Барлық жұмыстар – кестеге сәйкес", - делінген хабарламада.
Қаланың өнеркәсіптік секторы мен елді-мекендерді газдандыру 3 кезеңде өтеді: келесі жылыту маусымында Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Промышленный, Железнодорожный елді-мекендері газбен қамтылады.
Екінші кезеңде Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ІКҚ), Тельман (3 ІКҚ), Пригородный, Garden Village және Family Village (4 ІКҚ) елді-мекендері қамтылады.
Үшінші кезеңде Ильинка (1-2-ші ІКҚ), Шұбар (3-ші ІКҚ), Өндіріс (4-ші ІКҚ) тұрғын үй алаптары газдандырылады. Іске асыру мерзімі - 2020-2023 жылдар.
Газ өткізу қаладағы зиянды қалдықтардың 6 есеге, қатты заттардың – 40 мың тоннаға дейін азайуына мүмкіндік береді.
Суреттер: Александр Куприенко
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также