Нұралхан Көшеров Шымкент МКД басшысы болып тағайындалды

viewings icon
1824
comments icon 0
Нұралхан Көшеров. © otyrar.kz Нұралхан Көшеров. © otyrar.kz

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Нұралхан Көшеров басшылық етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elitar.kz порталына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Нұралхан Көшеров басшылық етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elitar.kz порталына сілтеме жасап.

Нұралхан Көшеров 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 2005 жылы Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-ды экономист мамандығы бойынша бітірген.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болып бастаған. 2009-2011 жылдары Қаржы министрлігінің Салық комитетінде талдаушы, Астана қаласы Салық департаментінің Алмалы ауданы бойынша салық басқармасының заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

2011-2014 жылдар аралығында Астана қаласының Салық департаменті Есіл ауданының салық басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласы Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы болды.

2015 жылы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная