Нұргүл Мауберлинова ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды

Нұргүл Мауберлинова. © mic.gov.kz

Н?рг?л Мауберлинова а?парат ж?не коммуникациялар вице-министрі болып та?айындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? сайтына сілтеме жасап.

Нұргүл Мауберлинова ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Нұргүл Мауберлинова 1973 жылдың қарашасында Қарағанды облысында дүниеге келген. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен Қарағандыдағы экономикалық университетті аяқтаған.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік органдар құрылым мен коммерциялық секторда қызмет еткен.

Реклама
Реклама

2006-2008 жылдары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің  бас маманы, бас сарапшы.

2008-2012 жылдары - ҚР премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық орталығының бас кеңесшісі.

2012-2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің кеңесшісі лауазымында болды.

2016 жылдың шілде айынан қазіргі кезге дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар қызметінің Ақпарат комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама