Нұрхат Оразбаев Атырау облысы Полиция департаменті басшысы болып тағайындалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Нұрхат Оразбаев Атырау облысы Полиция департаменті басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Нұрхат Оразбаев Атырау облысы Полиция департаменті басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

"ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Нұрхат Оразбаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Департаменттің жеке құрамына жаңа басшыны ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов таныстырды.

Реклама
Реклама

Оразбаев Нұрхат Кенжебайұлы 1968 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1991 жылдан бері жұмыс істейді. 

Ол - Гурьев педагогикалық институтының, Алматы жоғары тергеу мектебінің, РФ ІІМ академиясының түлегі. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама