29 желтоқсан 2021 | 09:38

"Нұрия" тұрғын үй кешенінің тұрғындары Талғар жолын жауып тастады

© instagram/kris_p_talgar

28 желтоқсанда кешке Алматыдағы Думан-2 шағын ауданында орналасқан "Нұрия" тұрғын үй кешенінің тұрғындары ауызсу беру тоқтай беретіндіктен наразылық білдіріп, Талғар жолын жауып тастады. Оқиға орнынан видеоны kris_p_talgar жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жанр классикасы. "Нұрия" тұрғындары жолды жауып тастады. Су дұрыс берілмейді.

Талғар жолы, Бесағаш кенті. 22:00", - делінген видео сипаттамасында.

Кадрларда адамдардың тізбек құрып, жолдағы қозғалысты бұғаттап тұрғанын көруге болады.

Реклама
Реклама

Желі қолданушылары наразы адамдардың әрекетіне әртүрлі баға беріп жатыр. Оларға келесі жолы әкімдік алдына жиналуға және адамдар жұмыстан үйге қайтатын жолды жауып тастамауға кеңес берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram