29 желтоқсан 2021 13:03

"Нұрия" тұрғын үй кешенінің тұрғындары Талғар жолын жауып тастауына әкімдік пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Талғар ауданының әкімдігі Алматыға апаратын тасжолды жауып тастаған тұрғын үй кешенінің тұрғындарының әрекетіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғар ауданының әкімдігі Алматыға апаратын тасжолды жауып тастаған тұрғын үй кешенінің тұрғындарының әрекетіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суға қатысты тағы бір мәселе қала тұрғындарын шарасыз қадамға баруға мәжбүр етті. "Нұрия" және "Алма Тау" тұрғын үй кешендерінің тұрғындары ауызсусыз қалды. Бұл жолы 2020 жылы орталық желіден осы үйлерге дейін тартылған құбырдың бұзылуы себеп болды. Шенеуніктердің айтуынша, су тоқтағаннан кейін үйлерге су тасушы келген.

"Су тапшылығы болған жоқ, су тоқтағаннан кейін су тасушыларды бірнеше рет жібердік. Ал бұзылған құбырды зауыт сапасыз шығарған. Сондықтан пайдалану ұзаққа бармады. Құбырларға жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірнеше айдан кейін тұрғындар суды басқа, жаңа, сапалы құбыр арқылы алатын болады", - деді аудан әкімінің баспасөз хатшысы Аруна Ортай.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, 28 желтоқсанға қараған түні "Нұрия" және "Алма Тау" тұрғын үй кешендерінде ауызсу тағы да тоқтап қалғандықтан, бірнеше адам тасжолды жауып тастамақ болған.

"Оларға түсіндіру жұмыстары жүрзілді, адамдар үйлеріне қайтты. Сағат 23.00-ге қарай көшеде ешкім болмады. Түнде үйлерге су қосылды. Бұл коммуналдық және мердігерлердің жұмысын қиындатып жіберді", - деп қосты Ортай.

Еске салайық, 28 желтоқсанда кешке Алматыдағы Думан-2 шағынауданында орналасқан "Нұрия" тұрғын үй кешенінің тұрғындары ауызсу беру тоқтай беретіндіктен наразылық білдіріп, Талғар жолын жауып тастады. Оқиға орнынан видеоны kris_p_talgar жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram