ПОДЕЛИТЬСЯ
13 ақпан 2019 | 10:41
Нұржан Әлтаев Мәжіліс депутаты болып сайланды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев Парламент Мәжілісінің депутаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев Парламент Мәжілісінің депутаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясы "Нұр Отан" партиясының мүшесі Нұрлан Бауыржанұлы Әлтаевты Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді. Осыған байланысты депутаттық корпус атынан жаңадан сайланған әріптесімізді құттықтаймын", - деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.
Нұржан Әлтаев Парламенттің төменгі палатасының аграрлық мәселелер комитетінің құрамына кірді.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның констиутциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, маған жүктелген депутаттың жоғары міндеттерін адал атқаруға ант беремін", - деді Нұржан Әлтаев.
Нұржан Әлтаев 40 жаста, қазіргі Түркістан облысының тумасы. 2004 жылы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін бітірген. Мамандығы-заңгер, экономист.
Ол еңбек жолын 2002 жылы бастаған. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызмет атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2017 жылдары "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын", Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болған. 2018 жылдың қаңтарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.
Показать комментарии
Читайте также