ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қазан 2022 | 12:00
Нұрлан Әуесбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке ұсынылды
Нұрлан Әуесбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) атынан президенттікке ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұрлан Әуесбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) атынан президенттікке ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада ЖСДП-ның ⅩⅠⅩ кезектен тыс съезі өтті. Жиында партиялықтар алдағы президенттік сайлауға үміткер ретінде Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қолдады.
"Съезд Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат етіп сайлау туралы шешім қабылдады", - деді партия төрағасы Асхат Рахымжанов.
Нұрлан Әуесбаев - ЖСДП елордалық филиалының басшысы, 1957 жылы туған. Түркістан облысының тумасы, Астана тұрғыны. Жоғары білімі бар, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, ұзақ уақыт Жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарда жұмыс істеген.
Еске салайық, бұған дейін Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылғанын хабарлаған едік. Астанада "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XX съезі өтті. Жиналыста партия мүшелері Жигули Дайрабаевтың алдағы президенттік сайлауға кандидат ретінде кандидатурасын қолдады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также