29 желтоқсан 2022 | 10:01

Нұрлан Құрмалаев экология вице-министрі болып тағайындалды

Нұрлан Құрмалаев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұрлан Құрмалаев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұрлан Саиынұлы Құрмалаев Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Нұрлан Құрмалаев 1988 жылы Алматы қаласында туған.

Реклама
Реклама

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Оксфорд Брукс университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2010 жылы жеке меншік компанияда менеджер болып бастаған.

Әр жылдары коммерциялық компанияларда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2015-2017 жылдары - "Astana Innovations" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кеңесшісі.

2018-2019 жылдары - "Самұрық Қазына" КУ ЖМ цифрландыру жөніндегі менеджері.

2019-2021 жылдары - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2021 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная