Нұрлан Ноғаев: Мен үшін Президенттің тапсырмасы - заң

© uralsk.gov.kz

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бұған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан реформаны жүзеге асыруды қалай түсінгені туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы 2016 жылы 2 қаңтарда Ақордада Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізіп, оның жұмыс нәтижесіне басшылардың жауапты екенін мәлімдеді. "Реформаларды көзбояушылыққа айналдыруға жол беруге болмайды. Өзгерістерді жүзеге асыруға кедергі болатындар лауазымынан босатылады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

"Мен үшін Президенттің тапсырмасы - заң. Мен оны орындаймын. Мен үшін ғана емес. Барлық қазақстандық үшін. Себебі барлық реформа бастамашыл және жүзеге асып жатқан бағдарламалардың барлығы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жерде көзбояушылықпен айналысуға болмайды. Нақты, сенімді, құқықтық нормативтік база бар. Нақты мақсаттар бар. Жалпыұлттық жоспар бар. Біз соған сәйкес алға жылжи береміз", - деп жауап берді Астанада өткен брифинг барысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама