Нұрлан Нығматулин жүрегіне ота жасатқаннан кейін қызметке оралды

М?жіліс т?ра?асы Н?рлан Ны?матулин ота жасат?аннан кейін ?ызметке оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ота жасатқаннан кейін қызметке оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрлан Нығматулин бүгін төменгі палатаның жалпы отырысына қатысып жатыр. Депутаттар Парламент палатасының төрағасын қол соғып қарсы алды. Осыған дейін отырыстар Мәжіліс вице-спикерлерінің төрағалығымен өткен еді.

Еске сала кетейік, мұның алдында Нұрлан Нығматулиннің жүрегіне ота жасалғаны хабарланған болатын. 

Реклама
Реклама

"Шынымен, үш апта бұрын Республикалық кардиологиялық орталықта Нұрлан Зайроллаұлының жүрегіне операция жасалды. Сәтті өтті, қазір ол белсенді түрде сауығу процесінен өтіп жатыр", - деген еді Мәжілістің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама