ПОДЕЛИТЬСЯ
08 сәуір 2021 | 11:44
Нұрлан Сауранбаев Президент Әкімшілігіндегі бөлім меңгерушісі қызметінен кетті
Нұрлан Сауранбаев Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұрлан Сауранбаев Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарлама.
Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда дүниеге келген, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі - экономист.
Еңбек жолын 1991 жылы Астана қаласында "Еңбек" компаниясының бас директоры болып бастаған.
1997-2002 жылдары Қазақстанның кәсіпкерлер конгрессінің атқарушы директоры, "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның "Жолаушылар тасымалы" еншілес кәсіпорын директоры, "АНПЗ" ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті ретінде еңбек еткен.
2002-2016 жылдары "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Инжинирингтік және сервистік қызметтер департаментінің директоры, Мұнайды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры, Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
2017 жылдың ақпан айынан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы лауазымын атқарып келген.
2017 жылдың қарашасынан 2018 жылдың маусымына дейін Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарды.
Нұрлан Сауранбаев Президент Әкімшілігінде 2019 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также