25 ақпан 2019 | 10:38

"Нұрлы жер" тұрғын үйлерін "7-20-25" арқылы алуға болады: Ай сайынғы төлем аталды

Дина Муратова Редактор
© Tengrinews.kz

"Баспана" ипотекалық мекемесі "Нұрлы жер" бағдарламасы үшін ай сайынғы төленетін ақша мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Баспана" ипотекалық мекемесі "Нұрлы жер" бағдарламасы үшін ай сайынғы төленетін ақша мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"7-20-25" бағдарламасы бойынша адамдар баспананы құрылыс компанияларының сату бөлімдері арқылы таңдайды, ал баспаналардың сипаттамалары туралы мәліметті жергілікті әкімдік өкілдерінен сұрау керек.

Реклама
Реклама

Еске салайық, осыған дейін "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баспаналар "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшылары және әкімдікте кезекте тұрған адамдарға ғана үлестірілген еді.

Бірақ оған өзгерістер енгізіліп, жыл басынан бері "Нұрлы жер" бағдарламасынан үй алуға "7-20-25" бағдарламасының қатысушылары да мүмкіндік алды. Қатысушыларға соңғы бес жылда баспана және қордың болмау шарттары қойылмаған.

Ережеге сәйкес, әкімдік өкілдері пайдаланып жатқан тұрғын үйлерді өздерінің сайты арқылы жариялап отырады.

2019 жылғы несиеге берілетін баспаналардың салыну жобасы (Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мәліметі бойынша) 

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша пәтердің ауданы 80 шаршы метрден аспауы қажет. Ауданның ауытқуы 5 пайыздан аспауы керек. Осыған орай, 1-2-3 бөлмелі пәтерлер салынады.  Мекеме өкілдері "7-20-25" бағдарламасы бойынша әкімдік арқылы алынған пәтерлердің ай сайынғы болжамды төлемін жариялады.

"Баспана" өкілдерінің мәліметінше, "7-20-25" бағдарламасы "Нұрлы жер" арқылы үй алуға үлкен мүмкіндік береді. Ол үшін әкімдікте кезекке тұрып немесе депозитке жинақтаудың қажеті жоқ. "7-20-25" бағдарламасының қатысушысы болу үшін банк-қатысушаға пәтер құнының 20 пайызын төлеу қажет. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная