Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды Нұрлыбек Нәлібаев. Фото:gov.kz

Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 5 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған Премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымынан босатылған болатын.

Жарнама
Жарнама

Нұрлыбек Нәлібаевтың өмірбаяны

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Ресей Федерациясы президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (РХШжМҚА) 3-курс докторанты.

Еңбек жолын 1997-1998 жылдары мұнай және мұнай өнімдері бойынша сарапшы болып бастаған.

1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарды атқарды.

2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болды.

2007-2008 жылдары - Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2013 жылдары - Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жылдары - Қызылорда қаласының әкімі.

2021 жылдан 2022 жылға дейін премьер-министр кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.

2022 жылдың сәуірінен бастап Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама