20 наурыз 2019 | 12:07

Нұрсұлтан Әбішұлы - ұлы адам. Ол туралы кітап жазамын - Кәрім Мәсімов

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жазатынын айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жазатынын айтты.

"Нұрсұлтан Әбішұлы - ұлы адам. Ол туралы кітап жазамын, оны "Елбасы көмекшінің көзімен" деп атаймын", - деді Мәсімов. Оның айтуынша, кітап қызықты болмақ. "Парақтары "жабық" қызық кітап болады", - деді ҰҚК басшысы.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы болып 2016 жылы 8 қыркүйекте тағайындалған болатын.

Кәрім Мәсімов 2003-2006 жылдар арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі болған, премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды. Екі рет елдің премьер-министрі (2007-2012 және 2014-2016 жылдары) болды, сонымен қатар, Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінде жұмыс істеді.

Ол премьер-министрдің қызметінде болғанына қарамастан өзін президенттің көмекшісімін деп бірнеше рет айтқан болатын.

"2007 жылы қаңтарда, Нұрсұлтан Әбішұлы, мені алғаш рет премьер-министр етіп тағайындадыңыз. Сол кезде қандай қызметте болсам да, сіздің адал көмекшіңіз боламын деп уәде берген едім. Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгін қайта айтқым келіп тұр: мен әлі де сіздің көмекшіңізбін, әлі де шәкіртіңізбін. Қазақстанды дамыту бойынша үлкен істерді жүзеге асыруға менің де қатысуыма мүмкіндік бергеніңізбен мақтанамын", - деген еді Мәсімов 2011 жылы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная