03 сәуір 2020 | 17:01

Нұрсұлтан Назарбаев әкімдермен телефон арқылы сөйлесті

Фото:elbasy.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Elbasy.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Elbasy.kz.

Әңгіме барысында өңірлердегі ахуал және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жергілікті биліктің дайындығы талқыланды.

Реклама
Реклама

Бірінші кезекте Елбасына өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытында қабылданып жатқан шаралар мен елді мекендердегі медицина нысандарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөнінде мәлімет ұсынылды.

Нұрсұлтан Назарбаевқа коронавирустың таралуына байланысты қиын жағдайға тап болған адамдарға Nur Otan партиясының өңірлік филиалдары тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы баяндалды. Әкімдер төтенше жағдай кезінде адамдар мен бизнесті қолдауға бағытталған шараларды одан әрі жүзеге асыруға дайын екендерін айтты.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы төтенше жағдай кезіндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, әкімдер еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі көктемгі егін егу науқаны барысы мен солтүстік аймақтардағы егіс жұмыстарына дайындық туралы ақпарат беріп, жекелеген облыстарда су  тасқынының алдын алу және оның салдарын жою жоспарлары жөнінде баяндады.

Елбасы әкімдерге төтенше жағдай кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көрсетіліп жатқан көмекті әрбір мұқтаж адамға жеткізу бойынша тиімді жұмыс атқаруға тілектестік білдірді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная