Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының №168 мектебіне барды

© Ақорда

Н?рс?лтан Назарбаев Алматы ?аласыны? №168 мектебіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының №168 мектебіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы мектептің оқу бөлмелерін аралап, материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.

Сондай-ақ, Елбасы оқушылардың ата-аналарымен және педагогтармен кездесті.

Реклама
Реклама

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті қазір мемлекет-жекеменшік серіктестігінің арқасында елімізде жаңа әлеуметтік инфрақұрылым нысандары салынып жатқанын атап өтті. Жаңа салынған мектеп тиімді ынтымақтастықтың жарқын мысалы болып саналады.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды жаңа оқу орнының ашылуымен құттықтап, алға қойылған міндеттерге қол жеткізу жолында табыс тіледі.

Айта кетейік, Жаңа ғимараттың жалпы алаңы - 8390 шаршы метр. Мектеп заманауи құрылғылармен жабдықталған және 600 оқушыға арналған. Мұнда гуманитарлық ғылымдар тереңдете оқытылып, мемлекеттік тілде білім беріледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news4
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама