Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельді құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель. © Ренат Ташкинбаев

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Ангела Меркельге Германия Федеративтік Республикасыны? Канцлері лауазымына ?айта сайлануына байланысты ??тты?тау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельге Германия Федеративтік Республикасының Канцлері лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасының Канцлері лауазымына қайта сайланған Ангела Меркельді құттықтады.

"Өткен парламенттік сайлаудағы жеңісіңіз - Германия азаматтарының Сізге, сондай-ақ Германия Федеративтік Республикасының Еуропадағы және әлемдегі орнын нығайтуға, еліңіздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған саясатыңызға деген сенімінің дәлелі. Сіздің басшылығыңызбен Германияның жаңа Федералдық үкіметі Қазақстан мен Германия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыта түседі деп сенемін. Сізге осы жауапты қызметте табыс тілеймін, сондай-ақ барша Германия халқының өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдіремін", - делінген жеделхатта.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама