ПОДЕЛИТЬСЯ
30 желтоқсан 2019 | 16:55
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына жаңа басшы тағайындалды
Халықаралық Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына жаңа басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Халықаралық Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына жаңа басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Халықаралық Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының басқарма төрағасы болып Ғабит Тәжімұратов тағайындалды.
Тәжімұратов Ғабит Қалиұлы 1972 жылы 23 наурызда дүниеге келген. 1997 жылы Мәскеу мемлекеттік техникалық азаматтық авиация университетін (Мәскеу, РФ) "ұшу аппараттары мен авиациялық қозғалтқыштарды техникалық пайдалану" мамандығы бойынша, 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (Алматы) "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы IBS Astana және EU Халықаралық бизнес мектебін тәмамдады.
Еңбек өтілі:
1993 жылдан 1994 жылға дейін Мәскеу қаласында РЭУ-5 жұмысшысы; 1994 жылдан 1995 жылға дейін Мәскеуде СУ № 19 1-ші разрядты жұмысшы; 1998-1999 жылдары Алматыда ҚР КжКМ мемлекеттік авиациялық тіркелімінің ӘК пайдаланушыларын сертификаттау бөлімінің жетекші сарапшысы; 1999 жылдан 2001 жылға дейін Алматы қаласында "Қазавиасертификация" жақ коммерциялық әуе көлігі мен жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың техникалық аудиті бойынша бас сарапшы-аудитор, бөлім басшысы қызметін атқарды.
2001-2002 жылдары-көлік және коммуникациялар министрлігінің Заң департаменті органдар жүйесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы; 2002-2003 жылдары-көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің авиакомпаниялар қызметін реттеу бөлімінің басшысы; 2003-2008 жылдары Астанада Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті авиакомпаниялар қызметін реттеу басқармасының басшысы; 2008 жылдан 2010 жылға дейін Астанада Көлік және коммуникация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және көлік-коммуникация кешенін дамыту департаменті азаматтық авиацияны дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2010-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің көліктік қамтамасыз ету секторының меңгерушісі. 2014 жылдан 2015 жылға дейін - Airport Management Group ЖШС Бас директорының орынбасары (ҚР әуежайлар бойынша басқарушы компания).
2015-2019 жылдар аралығында-басқарма төрағасының орынбасары, операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директор, "Астана халықаралық әуежайы" АҚ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директор. 2019 жылы Халықаралық әуежайдың басқарма төрағасының инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Показать комментарии
Читайте также