Нұрсұлтан Назарбаев бекіре уылдырығын өндіретін кешенге сәттілік тіледі

© Тұрар Қазанғапов

Б?гін Астанада Индустрияландыру к?ні аясында?ы телек?пір кезінде Елбасы Н?рс?лтан Назарбаев Батыс ?аза?стан облысында?ы бекіре балы?ы мен оны? уылдыры?ын ?ндіретін кешенні? ж?мысымен танысып, с?ттілік тіледі, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
 
Батыс ?аза?стан облысынан тікелей эфирге шы??ан "Аквам?дениеттер т?жірибелік-?нерк?сіптік ?ндірісі о?у-?ылыми кешені" ЖШС акционері ?айрат М?миев б?л кешенде бекіре уылдыры?ы жа?а т?сілмен алынып, ??делетінін айтты.

Бүгін Астанада Индустрияландыру күні аясындағы телекөпір кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысындағы бекіре балығы мен оның уылдырығын өндіретін кешеннің жұмысымен танысып, сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
 
Батыс Қазақстан облысынан тікелей эфирге шыққан "Аквамәдениеттер тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісі оқу-ғылыми кешені" ЖШС акционері Қайрат Мәмиев бұл кешенде бекіре уылдырығы жаңа тәсілмен алынып, өңделетінін айтты.

"Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз осы кешенде бекіре балығы мен оның қара уылдырығын өндіреміз. Жаңа заман талаптарына лайықталып салынған. Балық шабағының өсуіне ерекше жағдай жасалған. Бекіре уылдырығы жаңа тәсілмен алынып, өңделеді", - деді Қайрат Мамиев. 

Оның айтуынша, өнім халықаралық дәрежеде сертификат алған. Қазіргі кезде экспортқа шығарылады. Ал президент бұл өндіріс керек екенін айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жылдарында 4 триллион теңгенің 961 жобасы іске қосылды. 90,6 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру басталғаннан бері 7,5 трлн теңге шамасында өнім алынды, соның ішінде биылғы жылдың 10 айында 1,8 трлн теңгенің өнімі өндірілді.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама