Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Барак Обамамен кездесті

АҚШ Президенті Барак Обама мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев © АҒР

?ытай Халы? Республикасыны? Ханчжоу ?аласында Н?рс?лтан Назарбаев G20 саммиті аясында А?Ш президенті Барак Обамамен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар бірқатар маңызды салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Б.Обаманың президенттігі кезінде екі ел арасындағы ынтымақтастық көптеген бағыттар бойынша, соның ішінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Б.Обама Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттары үшін жақын дос және сенімді серіктес екенін айтып, өзінің президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін де өзара тығыз іс-қимыл жасауға әзір екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті АҚШ Президенті Б.Обаманы елімізге сапармен келуге шақырды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news5
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама